Ұлықбек Есдәулет Әзірбайжан халқына көңіл айтты

3103
Adyrna.kz Telegram

Әзірбайжан Милли Мәжілісі Мәдениет комитетінің төрағасы, ақын Ганира Пашаева өмірден озды. Қаралы хабарға белгілі ақын, журналист Ұлыбек Есдәулет көңіл айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Әзірбайжан халқының аяулы ақын қызы, түбі бір түрік дүниесіне түгел танымал қайраткер тұлға Ганира Алескерқызы Пашаеваның қайтыс болуына байланысты Түрксой Жазушылар одағы мен Халықаралы қазақ поэзиясы академиясының атынан туған еліне, отбасына, туыстары мен қаламдас, үзеңгілес достарына ауыр қайғыға ортақтасып, шын жүректен көңіл айтамын! Нұры пейіште шалқысын! Алла алдынан жарылқасын!»—деді ол.

Ганира Пашаева гипотония диагнозымен ауруханаға түскен. Орталық клиникалық аурухананың медицина қызметкерлері депутаттың өмірін сақтап қалу үшін
барлық қажетті шараны қолданғанымен, Пашаеваны аман алып қалу мүмкін болмады.

Пікірлер