«7,5 млн теңге залал келтірген». «Фитосанитария» басшысы тергеуге алынды

1732
Adyrna.kz Telegram

Ауыл шаруашылығы министрлігі Фитосанитария бас директоры лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп күдіктелуде. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Басқарма қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

«Белгіленген тыйымға қарамастан кәсіпкерлік қызметпен айналысатын ұйымды құрып және басқарған лауазымды тұлға, 2022 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін «Фитосанитария» ШЖҚ РМК Алматы облыстық филиалының үй-жайын тегін ұсынып келген. Күдіктінің мемлекетке жасаған іс-әрекетінен келтірілген залал құны 7,4 млн теңгені құрады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды»,—деп түсіндірді Антикор.

Пікірлер