Мектеп аумағында дәрет сындырған павлодарлық ұсталды (ВИДЕО)

1383
Adyrna.kz Telegram

Павлодар қаласындағы №16 мектеп аумағында дәрет сындырған ер адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қалалық полиция департаментінің айтуынша, сот барысында ер адам өзінің мас болғанын жеткізген.

«Павлодар қаласының 46 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол істеген әрекетіне өкінді. Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жіберілді»,— деді басқарма.

Сот шешімімен ер адамға 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды.

<

Пікірлер