СҚО-да мас әке туған қызын зорлаған

1984
Adyrna.kz Telegram

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында әкесі мас күйінде туған қызын зорлаған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің басшысы Айдын Қабдулдинов айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«М.Жұмабаев ауданында өзбекстандық азамат мас күйінде кәмелетке толмаған қызына жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған. Қылмыстық іс аяқталып, сотқа жолданды»,—деді ол.

Айтуынша, қазіргі таңда облыста 43 педофил тіркелген. Оның 34-і түрмеде отыр.

Бұған дейін 44 жастағы Шымкент тұрғынының 6 жастағы өгей қызын зорлағаны белгілі болған еді.

Пікірлер