Азиада: Қазақстан құрамасы тағы бір күміс медаль жеңіп алды

1700
Adyrna.kz Telegram

Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

«Сапында Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Ерік Сартай, Вадим Шарлаимов бар семсерлесуден Қазақстанның ерлер құрамасы Азиада-2023 күміс медалін жеңіп алды.

Финалда біздің спортшылар Жапония командасынан озық шықты. Қорытынды есеп – 36:35»,—деп жазды басқарма.

Бұл Азия ойындарындағы Қазақстан командасының семсерлесудегі үшінші медалі. Кеше біздің спортшылар командалық жарыста қола жүлдеге ие болды. Бір күн бұрын шпажист Эльмир Әлімжанов жекелей сында үшінші келген еді.

Пікірлер