Қосанов Қошановтан куәлік алды

1581
Adyrna.kz Telegram

Президенттікке үміткер болған Әміржан Қосанов Парламент Мәжілісінің жанындағы қоғамдық палатаның мүшесі атанды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Палатаның бірінші отырысында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов саясаткерге қоғамдық палатаға мүшеліктің куәлігін табыстады.

«Сенімдеріңіз үшін көп рақмет. Мен еліміздің қоғам қайраткерлері мен белсенді азаматтарының қатарына қосылғаныма өте қуаныштымын және бұны жоғары мәртебе деп қабылдаймын»,—деді Қосанов.

Айта кетейік, Әміржан Сағидрахманұлы — қазақстандық саясаткер, қоғам қайраткері, журналист. Ол 2019 жылы «Ұлт тағдыры» қозғалысы атынан президенттік сайлауға ұсынылған еді.

Пікірлер