Қызыл алаңда Украинаға басқыншылықтың "бір жылдығы" тойланды

1403
Adyrna.kz Telegram

Украина аймағында жүргізілген басқыншылық қадамдарының бір жылдығына орай Қызыл алаңда концерт қойылғаны хабарланды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Журналистер мен әлеуметтік желілердегі куәгерлер "Бір ел, бір отбасы, бір Ресей" ұранымен Мәскеуде өткен іс-шара жайлы хабарлады. Дегенмен, федералды арналарда концерт көрсетілмеген. Іс-шараның онлайн-трансляциясы жайлы деректер жоқ.

Концерт кестесінде "Любе", Полина Гагарина, Григорий Лепс, Олег Газманов және басқа топтар мен жеке орындаушылар өнер көрсеткені жазылған.

Еске сала кетейік, Ресей президенттінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұған қатысты пікір бідірген еді. Ол өз сөзінде Владимир Путиннің концертке қатысуды жоспарламағанын, бірақ бейне-көрcетілім арқылы халқын құттықтайтынын айтқан.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер