ЖИЕНҚҰЙРЫҚ немесе ЖИЕНҚҰРЫҚ

2458
Adyrna.kz Telegram

Қазақ қыздарынан туған баланы " жиен" деп, оларды ерекше еркелетіді. Қанша еркелесе де , əуре- сарсаңға салса да "ИТТІҢ күшігі "деп күле қабылдайды. Жиендер ұнатқан нəрселерін сұрамай əкетсе, "Əлгі күшік тістеп кетті"деп риза болады.
Бұл тартудың "Жиенқұйрық " аталу себебі: Ертеден Қайқы атты бидің жақсы көретін ақылды Смет деген жиені болыпты.
Смет нағашысына барып :-Ата , маған келесі жылғы төліңізден он қозы беріңіз десе , атасы : Қой құйрығында түймесі бар қозы туса саған берем-депті. Келесі жылы барлық қой түймесі қозы туыпты.Көрген ел : Бұл қалай болғаны ?- десе, нағашысы : Бұл түгелімен ЖИЕНҚҰЙРЫҚ- депті.
Келесі жылы жиені келіп атасына: "Осы ешкілердің алған төлді маған беріңізші-депті, жайылып жүрген 20 ешкіні көріп, нағашысы: Жиенжан еркек болса лақтары сенікі , үстіне тағы бір лақ қосып берем- депті.Келесі жылы 20 ешкі 40 еркек лақ туыпты.
НАҒАШЫСЫ сөзінде тұрып , лақтарын беріпті.
Лақтарды айдап кетіп бара жатқан жиеніне қарап атасы : Жиен келгенше ауылға, жеті бөрі келсін- депті. Қазақта жиенге 40 серкеш атау осыдан қалған.
Смет бір жылда тағы келіп нағашысына : Келесі жылы бие шұбар құлын туса, маған беріңіз - депті.
Құлындаған биеден 40 шұбар құлын туыпты.
Қайқы би 40 ҚҰЛЫНДЫ жасырып, жиеніне :Ойбай Жиен , биелер шұбар құлын таппады - деп алдап,жиеніне тана- торпақ беріпті. Жиені, атасының алдағанын біліп,  ренжіп кетеді.
Көп кешікпей Қайқы бидің малы қырылады.
Сол кезде :Жиеннің назасы жаман - депті Қайқы би. Сондықтан қазақ жиені не сұраса соны беретін болыпты.
Ал "Жиенқұрық"- деп атауының шығу себебі нағашысы ауылына келген жиеніне қолына құрық
беріп : Өзіне ұнаған малға құрық сал -дейді .
Демек ұстаған құрық тиген мал жиенінің еншісі болған. Көбіне қазақтар "Жиенқұрық"- деп, үйіне алғаш келген жиенге қазіргі заманда қозы - лақ немесе мал атайды.
Қазақта негізінен "Жиенқұрық" тартуы көп қолданады.
Құрметті Достар! Салт- дәстүр туралы жаңа айдар ашу керек соған қалай қарайсыздар ?
Атын қалай атаймыз? Сіздерден жауап күтем.

Этнограф Райхан Матаева

Пікірлер