"Алланы тапқанын" айтқан Индира Расылхан ән салмайтынын мәлімдеді

2769
Adyrna.kz Telegram

Әнші Индира Расылхан психологиямен айналысқаны үшін оқырмандарынан кешірім сұрап, алдағы уақытта ән айтпайтынын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Осы уақытқа дейін сіздердің алдарыңызға әнші Индира болдым. Әнші ретінде сіздердің құрметтеріңізді, көңілдеріңізді жаулап алуға тырыстым. Сіздердің көңілдеріңізді өнеріммен жаулап алғаным үшін кешірім сұраймын. Психологиялық мақсатта сіздермен жұмыс істеп жатқаныма 3 жылдың көлемі болды. Психология бір білім ғой. Бірақ бұл Алладан емес, батыстан келген білім. Осы психология арқылы көп нәрсені түсіндім, - деді әнші Instagram парақшасында.

Әншінің айтуынша, ол ауыр сынақты бастан өткерген. Енді ол ән шырқамайтынын айтты.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ИНДИРА РАСЫЛХАН (@indirarasylkhan)

 

«Мен адасу, қателік жасау арқылы Алланы таптым. Қазір қандай жағдай болса да, тек дұға етемін. Мен үлкен сынақтан өттім. Қиын кезеңнен өттім. Қазір өз-өзіме келдім. Сіздерді алдап жүргендей сезіндім. Расында алдадым. Мен Алладан келген білімді емес, адамдар ойлап тапқан техниканы сіздерге бердім. Жүректеріңізге психолог ретінде жол тапқан болсам, кешірім сұраймын. Мен ресми түрде мәлімдеме жасағым келіп отыр, бұдан кейін ән айтпаймын, - деді Индира Расылхан.

 

 «Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер