МАРҒҰЛАН ЕРМАҒАНБЕТҰЛЫ: 80 пайыз қарт ел араламаған. "Саяхатшы зейнеткер" бағдарламасы қарастырылса...

1646
Adyrna.kz Telegram
Бүгін қарттар күні екен. Билік сәйкесінше құрмет көрсетуде. Шәй беріп, бір пакет ұстатып дегендей....
63 жастан асқан жігіттер мен апайларды да осы категорияға енгізіпті. Көңілім құлазып кетті. Европа, тағы басқа да елдердің бұл жастағы қарттары туралы айтсам бір кісілер тағы ренжиді. Неге дамыған мемлекеттердің қарттарымен салыстырасың деп. Ия, мен таңқалатын 70 тен асып саяхаттап, жаңа кәсіп меңгеріп, спортпен шұғылданып жүрген қариялар дамыған елдің өкілдері шығар. Ия, мүмкін өмірлері гүл боп, еш қиындық көрмеген шығар.
Бірақ біздегі қиындық - қолдан жасалған саналық қиындықтар. Жарты ғұмырын қажетсіз жиын пиынға, той пойға арнап өткен аға буын бар. Жиған тергенін, алтын уақыттарын той тойлауға сарп еткізгендері аз емес.
80 пайыз қарттарымыз өмірінде шет ел ғана емес, ел ішін араламаған. Балам өссін, бала оқысын деп жиғанын берді. Уақытын арнады. Ал бала оқу емес ойын қуды. Баламның тойы деп бар дүниені салды, ал ол екінші қатын алуға ұмтылды...
Кәрілік келгенде де көріп жүргендері той. Таяғына сүйеніп баратын жері тек осы той. Осыны азайту керек. Елімізде 63 тен асқандар 2 млн. екен.
Тойдың орнына осы кісілер енді қалған уақытын саяхаттауға арнаса.
Мысалға мен шет елде жүргенде қытайлық зейнеткерлерді көп көремін. Жүздерінде күлкі. Риза.
Біздің елде де "Саяхатшы зейнеткер" деген арнайы саяхаттауға арналған бағдарлама қарастырылса. Мүмкін субсидия болса. Ел ішінде, шет елге саяхаттасын. Ең болмаса бір немересін алып жүруге рұқсат берілсе.
Сосын не ғой, қария деп 80-нен асқандарды айту керек. Оған дейін жас ата мен әже боп жүре берсін. Спортпен шұғылданып, жаңа кәсіпті меңгеріп, шығармашылықпен шұғылдану керек "аташкалар"....

 

 

 

Пікірлер