Галкиннің концерті неге Қазақстанда өтпейді? - СІМ жауап берді

1379
Adyrna.kz Telegram
Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

Қазақстанда ресейлік әзілкеш Максим Галкиннің концерті не үшін өткізілмейтініне Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров жауап берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы BAQ.KZ-ке сілтеп. 

Менің ойымша, саяси астары жоқ, - деп жауап берді Смадияров министрлікте өткен брифингте.

БАҚ өкілі “әлеуметтік желіде ресейлік елшілік Қазақстан елшілігіне кейбір әртісті Қазақстанға жібермеу туралы ресми хат жолдаған деген ақпарат тарады. Бұл рас па?” деп нақтылады.

Бұл хат туралы бірінші рет естіп тұрмын. Халық өзі біледі, кімді тыңдап, кімді шақыру керегін. Меніңше, өнер мен мәдениет саясаттан тыс болуға тиіс, – деді СІМ-нің ресми өкілі.

Пікірлер