Бас мүфти көпке белгілі ұғымдарға түсінік беруге мәжбүр болды

3264
Adyrna.kz Telegram
фото: ummet.kz
фото: ummet.kz

Әлеуметтік желіде дінтанушы Қабылбек Әліпбайұлының «баласын тастап кеткен әйелді «шеше» деп атайды» деп айтқан сөзіне қатысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы бұл ҚМДБ пікірі емес екенін мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Бұл азаматтың айтқан сөзі жеке өзінің ойы болар. Бірақ біз шеше мен ананы қадір тұтқан, қасиет тұтқан жандармыз. Оны кеңінен насихаттап келе жатырмыз. Бір адамның пікірі ол мүфтияттың пікірі емес. Осыны айқын біліп алуымыз керек. ҚМДБ әкеге қатысты, анаға қатысты көптеген уағыз айтып жүр. Қазақтың кез келген құндылығы біз үшін қасиет саналады. Шеше де, ана да бір ұғым. Шеше де, ана да адамды дүниеге әкелген ең ардақтысы. Біз оны әрқашан құрметтейміз» - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Бас мүфтидің сөзінше, Қабылбек Әліпбайұлы республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі.
«Біз жақында ғана республикалық және жергілікті ақпараттық насихат тобының тұжырымдамалық құжатын әзірлеп, олардың қолдарына бердік. Уағыз барысында, халыққа дәріс өткізу барысында неге көңіл бөлнуі керек? Құжатта жазылған. Қабылбек ұстаз қазіргі таңда РАНТ мүшесі болып есептеледі. Бірақ қазір сапарда жүр. Ол азаматқа қатысты шешімдер қабылданады» - деді Бас мүфти.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер