Азиада-2023. Қазақстан құрамасы 80 медальмен жарыс жолын аяқтады

2327
Adyrna.kz Telegram
Sports.kz
Sports.kz

XIX Жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы 80 медальмен жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

2023 жылдың 23 қыркүйегі мен 8 қазан аралығында ҚХР, Ханчжоу қаласында өтіп жатқан 2022 жылғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы жарыс жолын аяқтады.

Отандасымыз Мөлдір Жаңбырбай каратэден әйелдер арасында 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға жеткен еді. Ақтық жекпе-жекте ол қарсыласы Шуанг Гудан жеңіліп, күміс жүлдені олжалады.

Осылайша біздің спортшылар XIX Жазғы Азия ойындарында 10 алтын, 22 күміс және 48 қолаға қол жеткізді.

Пікірлер