“Жазасыздықтан жан түршігеді”. Сәбилерді зорлау ісінде айуандық әрекет анықталды…

1732
Adyrna.kz Telegram
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева зорланған бүлдіршіндермен кездесті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
5-ші қазан күні Алматы облысында өгей нағашы атасынан қорлық көрген егіздер мен зорланған 7 жасар қыздарға операция жасалған болатын.
Ересектерден зорлық-зомбылық көрген бүлдіршіндердің жағдайы балалар омбудсмені Динара Зәкиеваның қатаң бақылауында. Бұл туралы ресми уәкіл өзінің Facebook парақшасында жазды. Ол балалардың бастан кешкенін "тозаққа" балап, сұмдық қылмыс маскүнемдік пен жазасыздықтың нәтижесі екенін айтты.
"Кеше полиция департаментімен, ауданның кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектормен, денсаулық сақтау және білім басқармаларымен отбасында бұған дейін орын алған оқиғалар тізбегін зерттедік. Екі жыл бұрын анасы мен өгей әкесі (егіздердің әжесі мен оның күйеуі) 7 жасар қыздарын көсеумен күйдіргені (жыныс мүшелерімен) анықталды. Бұл қыз бала оқыған интернатта анықталды. Бұл бойыеша іс ҚК-тің 140-бабымен қозғалды (алайда бұл 110-бап "Азаптау" болу керек еді) және ата-ана құқығынан айыру туралы мәселе көтерілді.  Бірақ,️ біріншіден, менің ойымша, іс дұрыс емес баппен қозғалды және де баланың анасы өгей әкесімен бірге күйдіргенін мойындағанына қарамастан, іс тек анасына қатысты қозғалды. Екіншіден, сот ата-ана құқығынан айыру туралы өтінішті қабылдамай, айыппұл ғана салды. Нәтижесінде бала үйден оқытуға ауыстырылды және бұл сұмдық жағдайда ол тағы екі жыл өмір сүрді. Қазір анықталғандай, қызды зорлаудың белгілерін жасыру үшін күйдірген екен.
Осылайша ата-ананың азғындық әрекетін жазып, іс дұрыс қаралғанда отбасыдағы үш баланы да құтқарып қалуға мүмкіндік болғанын да жасырмады.  Динара Зәкиева өз жазбасында:
"Осыған байланысты тексеріс жүргізуді және осы бұзушылықтарға жауапты тұлғалардың бәрін жауапқа тарту қажет деп санаймын. Бұған қажетті шаралардың бәрін мемлекеттік органдармен бірге қабылдайтын боламыз.
Айта кетейік, елімізде биыл балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың 252 фактісі тіркелген.
Пікірлер