Атырауда қоқыс арасынан Қазақстанның туы табылды

1488
Adyrna.kz Telegram
фото: Мой город порталынан
фото: Мой город порталынан

Атырау облысындағы вахталық лагерь аумағында қоқыс арасынан Қазақстанның туы табылды. Оқиғаны жергілікті тұрғындар видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Мой город порталына сілтеме жасап.

«Бұл - SICIM базасы. Мемлекеттік туымыз  №8 квартал маңында қоқыс қалдықтарының арасында жатыр. Қазақстанның көк туын жерге таптап жатыр? Біз шара қолдануды талап етеміз», - деген видео авторлары.

Белгілі болғандай, бейнежазба Қарабатан кен орны аумағында түсірілген. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 372-бабы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қорлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Тергеу мүддесі үшін тәртіп сақшылары басқа мәліметтерді жарияламады. Баптың санкциясында ірі айыппұлдан екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер