Жоғарғы соттың бірнеше судьясы қызметінен босатылды

1356
Adyrna.kz Telegram

Сенаттың жалпы отырысында Жоғарғы соттың бірнеше судьясы қызметінен босатылды. Бұл туралы Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Сіздердің қарауларыңызға Сембек Баймахановты, Өміртай Ибраев мен Ұлболсын Сүлейменованы отставкаға кетуіне байланысты Жоғарғы сот судьяларының қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынысы енгізілді, - деді Денис Шипп.

Судьялар зейнетке шығуларына байланысты орындарын босатылған.

Барлық судья зейнет жасына жетті. Олардың судьялық тәжірибесі мол – 28 жылдан 37 жылға дейін. Судьялар қауымдастығында лайықты беделге ие.

Баймахановты, Ибраевты және Сүлейменованы отставкаға кетуіне байланысты Жоғарғы сот судьялары лауазымынан босату туралы Мемлекет басшысының ұсынысын қолдауыңызды сұраймыз, - деді төраға.

Пікірлер