Швецияда Құранды өртеген адам алғаш рет жауапқа тартылды

1483
Adyrna.kz Telegram
Сурет: bbc.com
Сурет: bbc.com

Швецияда Құранды өртеген адам алғаш рет жауапқа тартылды. Үкімді Линчёпинг аудандық соты шығарды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

27 жастағы ер адам мұсылмандарға бағытталған этникалық топқа қарсы үгіт жүргізгені үшін кінәлі деп танылды. Сот оған шартты жаза беріп, айыппұл салды.

Істің қозғалуына айыпталушының 2020 жылы X-тегі (бұрынғы Twitter — ред.) парақшасы мен YouTube арнасына жүктеген бейнежазбасы негіз болған. Видеода ер адамның шошқа етіне оралған Құранды өртеп жіберген сәті көрсетіледі.

Линчёпингтегі сотқа келген ер адам өзінің бұл әрекеті исламды дін ретінде сынау мақсатында жасалғанын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Швецияда Құранды өртеуге бірнеше рет рұқсат берілген еді.

Пікірлер