Боранбаев қауіпсіздігі орташа колонияға ауыстырылды

1242
Adyrna.kz Telegram
Сурет: kapital.kz
Сурет: kapital.kz

Дариға Назарбаеваның экс-құдасы Қайрат Боранбаев Ақмола облысындағы қауіпсіздігі орташа колонияға ауыстырылды. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Аталған азамат жазасын өтеу үшін 11 қазанда ЕЦ-166/1 мекемесінен 12 қазанда Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №7 қауіпсіздігі орташа мекемесіне (Гранитный ауылындағы) ауыстырылды»,—делінген хабарламада.

Еске салайық, 2023 жылдың 15 қыркүйегінде Астананың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Қайрат Боранбаевты 6 жылға бас бостандығынан айырды. Ол “Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлерi" (28-бап, 5-бөлік,), "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемдену" (189-бап 4-бөлік 2-пункт) және "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру" (218-бап 3-бөлік) баптары бойынша кінәлі деп танылды.

Пікірлер