Тоқаев: «Бейбіт азаматтарға зорлық-зомбылық көрсетуге болмайды»

1992
Adyrna.kz Telegram
фото: Ақорда
фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында Таяу Шығыстағы қазіргі ахуалға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Ақордаға сілтеме жасап.

– Қазақстан халықаралық өзекті проблемаларды шешу үшін лаңкестік әдістерді қолдануға мүлдем қарсы. Ондаған жыл бойы шешімін таппай келе жатқан міндеттерді жүзеге асыру үшін бейбіт азаматтарға зорлық-зомбылық көрсетіп, террорлық акциялар жасауға болмайды. Бұл – еш ақтауға келмейтін әрекет, – деді Президент.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халықаралық қатынастарда әділдік қағидатын орнатуды, халықаралық қоғамдастықтың барлық мүшесінің заңды және егемендік құқығын ескере отырып, оны демократияландыруды жақтайтынын жеткізді.

Еске салайық,Бішкек қаласында ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы өтті. Оған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Ресей президенті Владимир Путин, Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті, ТМД – ға қатысушы мемлекеттер басшылары кеңесінің төрағасы 2023 жылы – Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті қатысты Шавкат Мирзиеев және Бас хатшы ТМД Сергей Лебедев қатысты.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер