Полиция бөлімі бастығының орынбасары аяғы ауыр қызметкерді соққыға жыққан

1747
Adyrna.kz Telegram
tengrinews.kz
tengrinews.kz

Павлодарда полиция бөлімі бастығының орынбасары жүкті қызметкерді соққыға жықты деген күдікке ілінді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Белгілі болғандай қазір арыз бойынша тексеріс басталған. Аймақтық полиция департаментінің басшысы Василий Скляр:

"Менің тапсырмаммен полиция департаменті қызметтік тергеу бастады. Оқиғаның мән-жайы мен себебі тексеріс барысында анықталады", - деді Скляр.

Оқиғаға қатысты жәбірленуші 13 қазан күні қоңырау шалған. Кезекшінің айтуынша оған арнайы құқық қорғау бөлімшесінің тергеушісі, полиция аға лейтенанты Айниса Тахрадинованың қоңырау шалған.

Хабарламада жүктілігі бес апталық болған келіншекті 413 кабинетте ішімдікке тойып алған тергеу бастығының орынбасары Манас Мұқашевтың ұрып-соққаны айтылады.

Өз арызында бөлім қызметкері бөлім бастығының орынбасарын қол көтерді деп айыптап, тиісті шара қолдануды сұраған.

Пікірлер