Алматыда адам ағзаларын алып сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

1451
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысының полиция департаменті прокуратурамен бірге адам ағзаларын алып-сату бойынша қылмыстық схема ұйымдастырған топтың жолын кесті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Polisiakz-ке сілтеп. 

Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстары бойынша ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшелерімен 22 айыпталушы (ұйымдастырушылар, медицина қызметкерлері, нотариустар, реципиенттер мен донорлар) жеткізілді, олардың арасында реципиенттерді, донорларды іздеу, жалған құжаттарды өңдеу және операцияларды ұйымдастыру бойынша жауаптылар бары белгілі болды.

Операция сомасы 6-10 миллион теңгені құраса, осындай сегіз факті анықталды. Негізгі үш ұйымдастырушы қамауға алынды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктілерден қолма-қол ақша, құжаттама, цифрлық тасымалдағыш және басқа да заттай айғақтар тәркіленді.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес трансплантация кезінде адам ағзалары мен тіндерін сатып алуға және сатуға тыйым салынады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 116-бабы «Тірі адамның ағзалары мен тіндерін трансплантациялау немесе өзге де пайдалану үшін мәжбүрлеп алу немесе заңсыз алу, сол сияқты заңсыз мәмілелер жасау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.

Пікірлер