Ұлттық қор - балаларға. Министр қор ережесі туралы еске салды

1279
Adyrna.kz Telegram

18 қазанда Мәжіліс Сенаттың «Ұлттық қордан балаларға төленетін төлемдер туралы» заңға енгізген түзетулерімен келісті. Заң қабылданды және ол Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Парламент отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров ата-аналар Ұлттық қордан балаларының қаражатын талап ете алмайтынын тағы да баса айтты.

«Бұл баланың ақшасы, ата-ананың ақшасы емес, ол кәмелетке толған кезде оны пайдалануға құқылы, тек тұрмыс жағдайын жақсарту немесе оқу үшін», - деп түсіндірді министр журналистердің балалар қорына қол сұғылмаушылық туралы сұрақтарына жауап бере отырып.

Сонымен қатар, журналистер Қуантыровқа баласы 18 жасқа толғанға дейін қайтыс болған жағдайда туыстары төлемдерді мұраға ала ала ма деген сауал қойды. Министрдің айтуынша, бастапқыда мұндай жағдайда ақша Ұлттық қорда қалады деген ұсыныс болған.

«Алғашында концепцияны әзірледік, норма бар еді – нұсқалардың бірі ақшаны қайтару болды (Ұлттық қорға – Ескерту). Бірақ кейін біз ақша отбасында немесе ата-анасында қалады деп шештік. Не болмаса осы отбасындағы басқа балалар арасында үлестіріледі», - деп жауап берді министр.

Бүгін мәжілісмендер қазақстандық балаларға Ұлттық қордан қаржы бөлу туралы заңды қабылдады. Заң Мемлекет басшысына қол қоюға жіберіледі.

Бұған дейін Қаржы министрлігі Ұлттық қордан түскен қаржыны қандай мақсатқа жұмсауға болатынын түсіндірді.

Естеріңізге сала кетейік, заң Мемлекет басшысының 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жылдық инвестицияның 50 пайызын шегеруді көздейтін «Балаларға арналған ұлттық қор» жобасын іске қосу қажеттігі туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленген. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының балаларды 18 жасқа толғанға дейiн мерзiмiнен бұрын алып қою құқығынсыз, кейiннен тұрғын үй сатып алу және бiлiм алу үшiн пайдалану мүмкiндiгiмен арнайы жинақ шоттарын ұсынуда.

Пікірлер