Құлақсыз туған бөбектер мәселесі. Нартай Аралбайұлы Дүйсеноваға депутаттық сауал жолдады

1456
Adyrna.kz Telegram

«AMANAT» партиясы Фракциясының мүшесі Нартай Сәрсенғалиевтің атрезия және микротия патологиясымен туған балаларды әлеуметтік қамтамасыз ету туралы Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға, «Қазақстан халқына» қорының төрағасы Болат Жәмішевке депутаттық сауал жолдады, деп жазады “Адырна” порталы.

Ол Қазақстандағы 3000 баланың  микротия және атрезия патологиясы, яғни құлақсыз туылу дертіне ем таппай тентіреп жүрген халықтың жағдайын айтып, “Қазақстан халқына” қоры атынан емделуге қажетті қаражатты қамтамасыз етіп беруді сұрады.

Жас бала құстың көлеңкесінен тоңады» дейтін қазақпыз. Әлгіндей жауаптарды алғанда құлақсыз туған баланың жаны қалай жаурайды десеңізші? Шырылдаған ата-аналар ақырында «Қазақстан халқына» қорына барыпты. Бірақ Қор да қор қылып қайтарыпты. «Бізде бұл мақсатқа ақша қарастырылмаған» деген суық, суыт жауап берген. Қазақстанда аталған дертті емдейтін маман жоқ, әйтпесе естімейтін баласының жанайқайын билікке естірте алмай жүрген ата-ана Америка асып қайтсін? Бұл тек ресми тіркелген 3000-нан астам баланың әке-анасының жанайқайы, науқас ретінде тіркелмегендері тіптен көп.

Ұсыныстар:

1. Микротия және атрезия патологиясына шалдығып бір құлақсыз туылған балаларға да мүгедектіктің берілуін қамтамассыз етуіңіз сұраймын.
2. «Қазақстан халқына» қоры арқылы аталған дертті емдеу үшін балалардың АҚШ-на баруын қамтамассыз етулеріңіз қажет, тиісті қаржыны бөлу керек. Шешімді жедел қабылдау шарт, себебі бұл дерт балалардың екінші сау құлағының есту қабілетін нашарлатып жатыр.
3. Қазақстандық білікті дәрігерлерді микротия және атрезия патологиясын емдеудің тәсілдерін меңгеру үшін АҚШ-на оқуға жедел жіберу керек. Дәрігерлердің өзі ықылас білдіріп отыр. Құлақсыз туылған, естімейтін балапандардың жанайқайын құлағы бар билік өкілдерінің еститін кезі келді ғой.

Аталған мәселерді ескеріп, ұсыныстарды назарға алып заңнамамен белгіленген мерзімде жазбаша жауап күтемін” деді ол.

Пікірлер