Тәжікстанда дін қызметкері жерлеу рәсімінде қайтыс болған адамға тіл тигізген

7564
Adyrna.kz Telegram
фото: Азаттық радиосы
фото: Азаттық радиосы

Тәжікстан билігі «жаноза» (жаназа намазы) кезінде қайтыс болған жас қызды ел алдында балағаттап, тіл тигізген, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Озоди радиосының мәліметінше, Тәжік журналисі Абдукодир Талбаков Гиссар Турдибобо ауылында 25 жастағы қызды жерлеуге қатысқандардың біріне сілтеме жасай отырып, Facebook парақшасында Абдукаххор Мирзоев пен Домулло Абдукаххор «жаноза» рәсімі кезінде марқұм қызды және оның отбасы мүшелерін «фасиқ» (намаз оқымайтындар) отбасы деп атап, әкесін масқаралаған.

Ханафи мәзхабы бойынша намаз оқымаған адам күнәһар, фасиқ болып саналады. Алайда бұл мәзхабта адам намаздың парызына сеніп, бірақ оны жалқаулықтан орындамаса, «кәпір» деп айыптамаған.

Тәжікстанда бұған дейін «жаноза» немесе жерлеу рәсімі кезінде марқұмды және оның отбасы мүшелерін қорлау оқиғасы болмаған.

Тәжікстан Үкіметі жанындағы Дін, дәстүрлерді, мерекелер мен рәсімдерді реттеу комитетінің баспасөз хатшысы Афшин Муким Гиссардағы оқиға туралы ақпаратты растады.

«Қазір Гиссар ауданы Дурбат ауылының тұрғыны Абдукаххор Мирзоев тиісті орган қызметкерлерінің сұрақтарына жауап беріп жатыр», - деп баспасөз хатшысы фейсбук парақшасында хабарлады.

Белгілі болғандай, қайтыс болған қыз қант диабетімен ауырған.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер