Қайрат Боранбаев түрмеден босатылады

2262
Adyrna.kz Telegram
Сурет: kapital.kz
Сурет: kapital.kz

Дариға Назарбаеваның бұрынғы құдасы, кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың жазасы бас бостандығын шектеуге ауыстырылды. Бұл туралы Ақмола облысы Зеренді аудандық соты айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Сот кәсіпкер арызының қанағаттандырылғанын атап өтті.

Үкімді ауыстыру кезінде келесі мән-жайлар ескерілді:
- сотталған адам жаза мерзімінің 1/3 бөлігін (2 жыл 4 ай 5 күн) өтеді;
- мемлекетке келтірілген залалды толығымен өтеп, тергеуге көмектесті және ісіне өкінеді;
- қамауда ұстау кезінде оған оң сипаттама берілді.

Сот шешіміне сәйкес Боранбаев түрмеден босатылып, пробациялық бақылауға алынады.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Қайрат Боранбаевтың 6 жылға сотталғанын жазған едік. Қазақстандық олигарх ақша жымқыру және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырғаны үшін кінәлі деп танылды.

2023 жылғы 31 наурызда Қайрат Боранбаев 8 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Жазда сот бұл үкімнің күшін жойды, тараптар процессуалды келісім бекіту туралы шешімге келді.

Пікірлер