ЛӘЗЗАТ МЫРЗАШҚЫЗЫ: “Отбасы, демография” деместен бұрын ауруханадағы тамаққа назар салыңдаршы, Құдай үшін!

1513
Adyrna.kz Telegram
Ұлтыңа деген немқұрайлық пен безбүйректің тағы бір көрінісі аурухана мен перзентханалардағы берілетін ас.
Жарымаған елден жарымаған ұрпақ, жарымайтын ұлт туады.
Мынандай тамақты осы жылдың басында зілзала болып, үйсіз-күйсіз қалған түріктер аш қалған халқына да
берген жоқ, бермейді де. Дәл біздің ауруханалардағы тамақты түріктер Сириядан босып келген босқындарға да, біз секілді студенттерге де берген емес.
Ал бізде дәл осы тамақты ана мен балаға береді. Сосын саналы, сапалы ұрпақ күтеді.
Бұл тамақты осы аурухананың күзетшісі де, иті де ішпейді. Суға қайнатылған ботқа, нанға жағылған маргарин, түскі ас сосиска ненің етінен екенін бір Құдай біледі. Сылдыр су сорпа. Бұны амалсыз іздеушісі жоқ, шалғайдан келген аналар қарны ашқан соң ішеді. Көбінесе ішілмей қоқысқа төгіліп жатады. Қаншама ысырап?
Бұндай тамақты біздің елдің түрмедегі асырап баптап отырған педафилдерге де бермесе керек.
Несі керек, осындай майда-шүйде, ас-ауқатпен халықтың басы қатып жүргенде үлкен, ірі, қомақты істерді ойлана алмайтыны айдан анық қой. Өкімет елдегі ұсақ-түйек мәселені шешіп беріп отырмаса, халықтан қандай сапа күтеді, ей.
Ал маған бұл жақта бәрі жақтырмай қарайды, “сеннен басқасының бірі де шағым айтып жатқан жоқ” дейді, мен айтамын “заттары жоғалса да бәле-жәле сомен кетсін, аман-сау жаным қалса болды” деп отырған аналар емес пе? Ал, маған бәрі бір емес.
Биіктен, мінберден “отбасы, демография” деместен бұрын еліміздегі ана мен бала орталықтарында, ауруханалардағы берілетін тамаққа бір назар салыңдаршы, Құдай үшін!
Ай сайынғы медициналық қызметке ақша, налог не үшін төлеп отырмыз? Соның есебін біреу береді ме? Халыққа мал сияқты қарауды қашан доғарасыздар құрметті билік?

 

 

Пікірлер