Түсірілген ай-күні белгісіз киік қырғыны туралы видео тарады

1373
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Әлеуметтік желіде өлген киіктердің видеосы тарады. Қасиетті саналатын жануардың атылған бейнежазбасы көптің ашуын туғызуда, деп хабардайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бейнежазбада өлген киіктер тау-төбе болып үйіліп жатыр. Видеоның түсірілген уақыты нақты белгісіз.

Айта кетейік, 16 қазан күні Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев киік санын реттеу керегін және атуға шешім қабылдағанын айтқан болатын.

Министрдің айтуынша, киік санын басқару жөніндегі биологиялық негіздемеде популяцияны реттеудің екі тәсілі ұсынылған. Біріншісі – тор құру арқылы ұстап, етін ет өңдейтін зауыттарға жеткізу. Бұл әдіс күндіз жасалады. Екіншісі – түнде атып алу.

Пікірлер