Мемлекет басшысы бірқатар елшіні тағайындады

1259
Adyrna.kz Telegram
фото: Ақорданың баспасөз қызметі
фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысының жарлықтарымен бірқатар елші тағайындылды. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Президент жарлығымен:

Сержан Оралбайұлы Әбдікәрімов Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;

Тимур Владимирұлы Пірімбетов Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;

Дәурен Айтбайұлы Кәріпов Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.

Ал Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Филиппин Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Пікірлер