Елордалық жастар Республика күніне арналған челленджді бастады

1128
Adyrna.kz Telegram

Астанада еріктілер, спортшылар, белсенді жастар мен оқушылар челленджге қосылып, Республика күніне орай патриоттық ән шырқады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордалық жастар қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтап, патриоттық ән шырқады. Музыкалық челленджге балабақша бүлдіршіндері, мектеп оқушылары, шығармашылық балалар ұжымдары, колледждер мен ЖОО студенттері, спортшылар, еріктілер қосылды.

Республика күніне орай елордада 200-ден астам түрлі іс-шара, қайырымдылық акциялары ұйымдастырылады.

Көмекке мұқтаж азаматтарға дәстүр бойынша мыңнан астам азық-түлік себеті таратылады.

Пікірлер