Тоқаев министр Аида Балаеваға тапсырма берді

1572
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Ақорданың баспасөз қызметі
Сурет: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына министрліктің қазіргі қызметі мен алда атқаратын жұмыстарының перспективалары туралы баяндалды.

Аида Балаева министрлікті қайта құру нәтижелері, сондай-ақ мәдениет, ақпарат, дін, этносаралық қатынастар, азаматтық қоғам, отбасы және жастар саясаты салаларын дамытуға бағытталған жаңа жобалар жайында мәлімет берді. Бұдан бөлек креативті индустрияны дамытуға, кино және кітап салаларын жетілдіруге, сонымен қатар бірқатар заң жобасын әзірлеуге қатысты жұмыс жоспарын таныстырды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев министрлікке аталған бағыттарды одан әрі ілгерілету жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді.

Пікірлер