Қарағандыда күйдіргі жұқтырған ер адам қайтыс болды

1153
Adyrna.kz Telegram
Сурет: rutual.ru
Сурет: rutual.ru

Қарағанды облысының Топар кентінде күйдіргі жұқтырған ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 75 жастағы науқастың жансақтау бөлімінде көз жұмғанын айтты. Марқұмды құтқару мүмкін болмаған. Ал қалған екі науқас қазіргі таңда дәрігерлердің бақылауында. Олардың жағдайы тұрақты.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында күйдіргі жұқтырған 3 адам анықталып, Топар ауылының карантинге жабылғаны белгілі болды.

Пікірлер