Қазақ пен армян тағдыры

1869
Adyrna.kz Telegram

Армениядан армяндар көшіп жатыр. Бүгінгі күні Армения халқы азайып келеді. Армения үлкен қателік жасады, олар Қарабақты Әзірбайжаннан тартып алды. Енді Әзірбайжаннан тартып алған Қарабақты қорғау керек, яғни Әзірбайжанмен соғысу керек. Ал соғыс қымбат, армян халқы соғыстан шаршап, балаларын әскерге жібергісі келмейді. Егерде, Арменияда халық саны үш миллионнан азайса, Әзірбайжанда халық саны тоғыз миллионнан асты. Әзірбайжан бюджеті мұнай қаржысымен толығып келеді. Ал Армения кен байлығына кедей, Армения үш жағынан «жауларымен қоршалып» сауда жасауға мүмкіндігі жоқ. Шет елдік армяндар финанстық көмек көрсетіп келеді, бірақ көмек жеткіліксіз. Ұлы державалар Арменияның агрессивтік саясатын қолдамайды.

Ал, Қазақстанның  ішкі және сыртқы саясаты бейбіт. Қазақстан Ресейдің қас қабағына қарап 18% қана құрайтын орыс жұртшылығының тілін ресми тіл ретінде пайдаланып, сол тілге басымдылық беріп отыр. Қазақстан Қытайдың қас қабағына қарап сол елдегі қазақ баласын қорғай алмай келеді. Қытай Қазақстандағы кереметтей «Жібек жолы» аталып кеткен темір жолымызды пайдаланып отырса да, Шыңжандағы қазақты «террорист» деп айыптап, оларды атамекенге жібермей отыр. Біздің билік суық қандылық сақтап келеді. Әлемдегі ең қуатты мемлекетпен арақатынасты бұзғысы жоқ. Бұл саясат дұрыс та шығар, бірақ қайран қазекеңе обал болды. Халық саны демекші. Қазақстан халқы өсіп келеді. Жылма жыл 250-260 мыңға қазақ өсіп келеді. Бұл қарқын сақталса келесі он жылда тағы 2.5 миллион адам қосылып, республикадағы қазақтың санын 15 -16 миллионға жеткіземіз. Еліміздегі орыс пен неміс  саны азайып келеді. Олардың бізге өкпесі жоқ көрінеді. Бізге біреудің жері керек емес. Біздің саясат сен тимесең мен тимеймін атты саясат. Ұлы және агрессивті державалардың арасындағы Қазақстанға осы саясат прагматикалық жағынан тиімді.

Әзімбай Ғали

 

Пікірлер