Израильдің Газа секторындағы операциясы басталды

1351
Adyrna.kz Telegram
Фото: Amir Cohen / Reuters
Фото: Amir Cohen / Reuters

Израиль Газа секторында Хамасқа қарсы құрлық операциясын бастады. Бұл туралы Израиль қорғаныс күштерінің (IDF) өкілі Даниел Хагари мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ТАСС-қа сілтеме жасап.

"Біз Газа секторындағы шабуылдардың қарқынын арттырдық. Біздің әскери-әуе күштері жер асты нысандары мен террористік жолмен шабуыл жасайды", - деді IDF өкілі.

Оның айтуынша, Израиль жердегі  құрлық операциясының ауқымын кеңейткен. Бұл олардың көздеген барлық мақсаттарына жетуге көмектесетінін көрсетеді. Бұған дейін ол Израильдің Газа секторын толық қоршауға алғанын және аймақта Хамасқа қарсы құрлық операциясын бастауға дайын екенін айтқан болатын.

 «Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер