Республикаға - 100 жыл. Бүгін - Түркияда атаулы күн

1529
Adyrna.kz Telegram
REUTERS
REUTERS

Бүгін, 29 қазан күні Түркия Республикасының құрылғанына 100 жыл толды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Түркия 1923 жылы 29 қазан күні республика ретінде жарияланды. Бұл күн Түркия тарихындағы жаңа бет ашылып, Тәуелсіздік пен ұлттық жаңғыру кезеңі басталған сәт болды. Осы уақыттан бастап Ататүрік елді саяси, құқықтық, мәдени және әлеуметтік жаңғыртуға бағытталған бірқатар реформаларды жүзеге асырып, мемлекеттің негізін қалады.

Республикада тәуелсіздік үшін күрес болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Осман империясы ыдырау алдында тұрғаны белгілі. 1920 жылы қол қойылған Севр келісімі империяның территорияларын одақтас державалар арасында бөлуді көздеді, бұл Түркияда ұлттық наразылық тудырды. Осы маңызды сәтте Тәуелсіздік қозғалысының көшбасшысы рөлін атқарған Мұстафа Кемал Ататүрік тарихи сахнаға шығып, бәрін өз қолына алды.

1919 жылы Түркияда тәуелсіздік соғысы басталды. Ататүріктің басшылығымен түрік ұлтшыл күштері грек, армян және француз әскерлеріне, сондай-ақ түрік территориясының бір бөлігін тартып алуға тырысқан басқа топтарға қарсы шайқасты.

1923 жылы 29 қазанда Мұстафа Кемал Ататүрік бастаған Түркия Республикасының құрылғанына байланысты әр жыл сайын Түркияда бұл күн ерекше аталып өтіледі.

Түрлі салтанатты іс-шаралар Түркия бойынша өтеді. Биылғы Анкара мен Стамбулдағы мерекелік шараларға президент Режеп Тайып Ердоған қатысуды.

Сондай-ақ, бүгін Ыстамбұлда 100 кеме мен 20 жауынгерлік ұшақ қатысатын әскери-теңіз шеруі өтеді.

Ресей президенті Владимир Путин Ердоғанды Түркия Республикасының жүз жылдық мерейтойымен құттықтап, екіжақты қатынастар достық пен тату көршілік рухында дамып келе жатқанын, ал елдің өзі әлемдік аренада жоғары беделге ие екенін атап өтті.

Пікірлер