Әлеуметтік желіде Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада қаза болған кенші Ақынжан Орақбаевтың соңғы бейнежазбасы тарады. Видеоны журналист Айсұлтан Жақыпов Facebook парақшасына жариялады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Видеодан қаза болған кеншінің Мейрамбек Беспаевтың орындауындағы «Қызым, саған айтамын» термесін айтып, қызына өсиет қалдырғанын көреміз.
«Марқұм Ақынжан Орақбаевтың соңғы жүктеген видеосы. Соңында қызы қалды. Келіншегінің аяғы ауыр екен... Марқұмның жаны жаннатта шалқысын», – деп жазған журналист.
Еске салайық, 28 қазан күні түні «АрселорМиттал Теміртау» кенішінде жарылыс болып, 46 кенші қаза болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Адырна» ұлттық порталы