Алматы қаласында 2024 жылы 5 бірдей ірі жоба іске қосылады

1058
Adyrna.kz Telegram
gov.kz
gov.kz

Ұлттық әлеуметтік жағдайын жақсартуға негізделген «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу» ұлттық жобасының шеңберінде Алматы қаласында ақуымды жұмыстар атқарылмақ.

Ұлттық жобаның екінші бағытында жоғары өнімді жұмыс орындарын құру арқылы халықтың табысын арттыру көзделген. Бас құжаттағы басты бағдарды назарға алған алматы қалалық әкімдігі келер жылы 311 жұмыс орны құрылатын бес бірдей жобаны жүзеге асыруда жоспарлауда.

Ауыз толтырып айтарлық кәсіпорындар «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында іске қосылады деп күтілуде.  Әлеуметтің әлеуетін нығайтуға арналған бұл жобаларға жалпы сомасы 12,2 млрд. теңге инвестиция тарту көзделген.

Тарқатып айтар болсақ, әуелде телекоммуникациялық жабдықтар өндіретін зауыты, «Smart Alatau» ЖШС іске іріеді. Ол үшін  800 млн.теңгеге инвестиция құйылады. Мамандардың айтуынша, аталмыш өндіріс ошағының  қуаттылығы жылына 1 млн. бірлік өнім шығаруға қауқарлы болмақ. Нәтижесінде  120 жұмыс орны құрылады.

Келесі кәсіпорынның жобалық құны -1,7 млрд.теңге. «Kyzai» ЖШС иммунолюминесцентті тест-жүйелер) өндіретін қоймалары бар кешен өз жұмысын бастамақ. Жылдық қуаты 500 мың бірлік өнім шығаруға жететін серіктестікте  45 жұмыс орны ашылады.

Мұнымен қоса,  медициналық техника өндіретін зауытта оңтүстік астанадан ашылады деп күтілуде. Оны іске асыру үшін  1,5 млрд.теңге инвестиция қажет. Мұнда 40 жұмыс орны құрылып,  жылына 50 мың бірлік техника шығарылатын болады. Сондай-ақ, инвестиция көлемі шамалас, жылдық қуатының деңгейі де бірдей 50 жаңа жұмыс орны ашылатын «Технопроект-А» ЖШС-нің құрамына кіретін медициналық жабдықтар шығаратын зауытта есігін айқара ашпақ. Және де жылына 100 мың дана құрал-саймандар, аппараттар мен жабдықтар шығаратын зауыт қолданысқа өтпек. Оған жалпы сомасы  1,3 млрд.теңге қаражат қарасытырлған, сәйкесінше, 45 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік тумақ.

Сонымен қатар, 2025 жылы арнайы экономикалық аймақта жалпы құны 11,6 млрд теңге болатын және 417 жұмыс орны ашылатын картридждер, медициналық жабдықтар, медициналық және фармацевтикалық бұйымдар («А-Медикал» ЖШС, «Juldyz Kenan Co. LTD ЖШС», «Вива Фарм» ЖШС, «Doc Co. Ltd» ЖШС) шығаратын төрт жобаны іске қосу күтілуде.

Пікірлер