Алматы мен Корея Республикасы арасындағы тауар айналымы 720 млн долларға жетті

1219
Adyrna.kz Telegram
toppress.kz
toppress.kz

Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары аясында Сеулге барды. Алматы делегациясын Сеул мэріО се Хун қабылдады. Алматы әкімі мен Сеул мэрімен экономикалық өсуді қамтамасыз ету мәселесін талқылады, деп жазды «Адырна» тілшісі.

Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық әріптестікті арттыру перспективалары талқыланды. 2023 жылдың басынан бері Алматы мен Корея Республикасы арасындағы тауар айналымы 23,6%-ға ұлғайып, 720 млн долларға жетті.

Алматы делегациясының сапары аясында қала әкімі Ерболат Досаевтың төрағалығымен Сеул қаласында цифрландыру, медицина және фармацевтика, машина жасау, сондай-ақ экология және экологиялық көлік мәселелері бойынша Samsung Medison, Samsung C&T, Hyundai Rotem, GL Rapha, SK Ecoplant Co және т.б. компанияларының басшыларымен бірқатар кездесу өтті.

Жұмыс сапары аясында делегация Сеул қаласын басқарудың көліктік ақпараттық сервисінің TOPIS (Seoul Transport operation & Information Service) data-хабына барды, ол мегаполистің көлік жүйесін, Сеулдегі табиғи апатпен байланысты көрсеткіштерді тәулік бойы қадағалайды, соның нәтижесінде қалалық қызметтерге оларға жедел ден қоюға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде Сеул мэрі  О Се Хун  Сеул тәжірибесі және қоғамдық көлік жүйесін жаңғырту мәселелерінде ірі технологиялық компаниялармен ынтымақтастық жобалары туралы айтты. Мэрдің ұсыныстарының бірі Сеулдің Алматымен екіжақты қарым-қатынасты нығайтуына және өзара  ортақ бастамаларды қолдауға дайын екеніне  қатысты болды.

 «Сеул – әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан қаланың бірі, қысқа және ұзақ мерзімді перспективада дұрыс даму мен өркендеудің мысалы. Сеулдің технологиялық даму, жедел қоғамдық көлікті жаңғырту, жеке инвестиция тарту, қалдықтарды кәдеге жарату және экологиялық мәселені шешу, туристерді тарту тәжірибесі Алматы үшін қызықты әрі пайдалы», - деп атап өтті Алматы қаласының әкімі .

Пікірлер