Қарағандыда автобус қаққан жаяу жүргінші оқиға орнында мерт болды

1662
Adyrna.kz Telegram
кадрдан алынған
кадрдан алынған

Қарағандыда 45 жастағы жаяу жүргінші автобустың астына түсіп, мерт болды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Қарағанды қаласында автобус жүргізушісі орталық көшелердің бірінде жаяу жүргіншіні қағып кетті. Зардап шеккен қала тұрғыны оқиға орнында мерт болды. Қайғылы оқиғаға қатысты облыстық Полиция департаменті ресми хабарлама таратты.

"Шағын автобустың 39 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Салдарынан 45 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Оқиға кезінде автобуста 15 жолаушы болған, бірақ зардап шеккендер жоқ. Болған істің мән-жайы анықталып жатыр. Факті полицияда тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.

Автобустағы бейнебақылау камерасы мен магнитофонға жаяу жүргіншінің көлік астына өзі секіргені жазылып қалған екен.

Пікірлер