Костенко шахтасында мерт болған үш кеншіні жерлеу рәсімі өтті

1667
Adyrna.kz Telegram
ашық дереккөзден
ашық дереккөзден

Костенко шахтасында қаза тапқан үш кеншіні жерлеу рәсімі өтті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Қарағанды облысында шахтадағы апаттан қайтыс болған үш кеншіні жерлеу рәсімі өтті. Вячеслав Поцелуев Шахтинскіде, Сергей Котвицкий Қарағанды облысында, Дамир Исинкулов Қарағандыда жерленді.

"Ертең тағы үш кенші жер қойнына тапсыруымыз мүмкін. Денелерді сараптауда кейбір қиындықтар бар", - деп түсіндірді Ленин атындағы шахта директорының ұйымдастыру мәселелері жөніндегі орынбасары Виктор Жовтяк.

Айта кетейік, Костенко атындағы шахтада 28 қазанда жарылыс болып, 46 кенші апаттан қайтыс болды. Апта бойы Қарағанды облысының қалаларында қаза тапқандарды жерлеу рәсімі өтуде. Кейбір кеншілердің денелер әлі де сараптамада.

Пікірлер