Ақбөкендерді әуесқойлық мақсатта аулауға рұқсат етілмек

1623
Adyrna.kz Telegram
EcoJer
EcoJer

Қазақстанда әуесқойлық мақсатта ақбөкендерді аулауға рұқсат беру жоспарлануда, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін – осы бұйрыққа 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес 10, 11, 12 және 13-қосымшалармен толықтырылсын», - делінген Экология және табиғи ресурстар министрлігі әзірлеген құжат жобасында.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті дайындаған құжатта, бекітілген аңшылық шаруашылықтарының аумағында дериваттарды (мүйіздерді) қоспағанда, ақбөкендерге әуесқойлық (спорттық) аң аулау бөлінген квотаға сәйкес жүзеге асырылатыны жазылған.

Бекітілген аңшылық шаруашылықтарының аумағында ақбөкендерге әуесқойлық (спорттық) аң аулауды жүргізуге өтінім жергілікті атқарушы органға беріледі.

«Резервтік қор аумағында ақбөкендерге аң аулауды жүргізуге арналған Лимит биологиялық негіздеме негізінде белгіленеді», - делінген құжатта.

Бұйрық Ұлттық экономика министрлігімен және Инвестициялар және даму министрлігімен келісілуі тиіс.

Естеіңізге салсақ, Экология және табиғи ресурстар министрлігі аң аулау ережелеріне өзгерістер енгізіп, жыл сайын 1 қазан мен 15 қараша аралығында киік аулауға рұқсат берілгенін жазған едік.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер