Қарағандыда Қосановтың қолдаушысын атып кетті

7975
Adyrna.kz Telegram

Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында жергілікті қоғамдық белсенді Ғалы Бақтыбаевты атып кетті. Бұл туралы Фейсбук парақшасында Айсұлтан Жақыпов хабарлады."

"Жаңаарқада Ғалы деген кісі бар еді. Жемқорлықпен күресетін, сотқа дейін баратын адамтын. Қосанов ағамыздың жарнамаларын іліп, жақсы жұмыс істеп жүрген. Сол кісіні түнде атып кетіпті.
Жемқорлар тықыр таянғанын сезіне бастады ма?
Марқұмның толық аты-жөні Бақтыбаев Ғалы Әдіұлы
Иманды болыңыз Ғалы аға!
Қаныңыз босқа төгілмейді. Уәде берем!" деп жазды Жақыпов.

Жұрттың айтуынша, Ғалыға алдында біреулер ескерту жасап, ұрып кетіпті. Ғалының өлімі сайлауға қатысты болмауы да мүмкін. Себебі ол кісі жемқорлармен күресіп, сотқа дейін барған. Талай парақор, жемқорды әшкерелеген. Солардан келуі де мүмкін дейді.

Ал, Қосановты қолдау үшін плакаттарын іліп, халықты үгіттеп, жүгіріп жүргені рас дейді жерлестері.

Қосановтың сайлау алды штабына хабарласқанымызда Ғалы Бақтыбаев ресми өкілі емес екенін айтты.

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер