“Шенділердің баласы да отан қорғасын”. Заитов қорғаныс министріне сауал жолдады (ВИДЕО)

1297
Adyrna.kz Telegram

Депутат Ринат Заитов Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовқа отан қорғауға аттанатын жастар санатына қатысты сұрақ қойды, деп жазады "Адырна" порталы. 

Ринат Рифхатұлы өз сауалында әскерге баратын жігіттердің дені қарапайым халықтан екенін, министр әкімдердің балалары бұл міндетте жүргенін көрмегенін айтты:

"Бір байқайтыным қазіргі уақытта әскерге тек қана қарапайым Халықтың балалары ғана барады. Себебі, олардың алып қалатын ақшалы немесе ықпалды жақындары жоқ. Менің ойымша егер біз әскерге баруды лауазымды тұлғалардың балаларына да міндеттесек, әскердің жағдайы да өзгереді. Министрге қойған сұрағымның негізгі ойы осы болатын. Неге министр, депутат, әкімдердің балалары шетелге оқуға барып, қарапайым ауылдағы Қазақтың баласы әскерге бару керек? Отан қорғау бәрімізге ортақ міндет емес пе? Сіздер қалай ойлайсыздар?" деп жазды ол Instagram парақшасындағы жазбасында.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Ринат Заитов (@rinat_zaitov_resmi)

 

 

Пікірлер