Әлихан Бөкейхан: Мен Кадет партиясынан неге шықтым?

1702
Adyrna.kz Telegram
фото: CABAR.asia
фото: CABAR.asia

Кадет партиясы: «Жер адамға меншiктi болып берiлсе де жөн» дейдi. Бiздiң қазақ жердi меншiктi қылып алса, башқұртша көршi мұжыққа сатып, бiраз жылда сыпырылып, жалаңаш шыға келедi.

Кадет партиясы ұлт автономиясына қарсы. Бiз Алаш ұранды жұрт жиылып, ұлт автономиясын тiкпек болдық.

Француз, орыс һәм өзге жүрттың тарихынан көрiнедi: молла үкiметтен ақша алса, сатылып кетедi. Рухани iс аяқ асты болады. Жалование алған моллалар хүкiметке жетекшiлiк болып, ерiп кетедi. Бiздiң қазақ-қырғыздың iсiн көркейтетiн болсақ, хүкiмет iсiнен бөлiп қойған оң болады. Оны орысша «отделение церкви от государства» дейдi. Кадет партия менiң бұл пiкiрiме өзгеше қарайды.

Осы үш жол айрылғаны биыл ашыққа шықты. Мен сонан соң қазаққа Алаш партиясын ашуға тырыстым. Мұны мен июльдегi жалпы қазақ съезiнде айтқан едiм.

Ғалихан.

«Қазақ», 1917 ж., 23 декабрь, №256

Пікірлер