ГҮЛБАРШЫН САБАЕВА: Аман аға ешкімге есеп бермейтін өз кеңістігіне рух болып ұшып кетті...

1809
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Бүгінгі күн найзағайдың жалын ерттеп мінген қайсар қазақ Аман ағамыздың қаралы хабарымен басталды. Жаназа 23 қарашада деген ақпарат бар. Ертең Махамбет Асабаев бастаған қазақ жігіттері ата мекеннің бір уыс топырағын алып, Кемероваға жолға шығуға дайындалып жатыр. Ал мен мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаев  атынан көңіл айтады, қазақ атынан ресми делегация барады  деп үміттенемін.

Аман ағамыздан бірнеше рет сұхбат алудың сәті түсті маған. Бірнеше рет тілдесіп, бауыр басып қалған соң елдің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап алуға тырысқанмын.  Ағамыз әкесінің 1980 жылдарга дейін тірі болғанын 1990 жылдары естіген.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елдің ең дамымай  қалған облыстарын басқарсам деген тілегі болған, басқара алмасам маған серт деген уәде де айтылған. Бірақ жоғарғы жақтың үркіп кетуіне осы фактор себеп болса керек.

Сосын "сізде қазақ тіліне сәпсем нюх жоқ қой" деп сұрағанымда «бұл – менің іште кетіп бара жатқан арманым, бір орысы жоқ қазақ ауылда үш ай тұрғанымда сізбен ана тілімде сөйлесетін едім, мен жүрген ортада ана тілімде  сөйлеуге мүмкіндік жоқ» деп жауап берді.

«Балаларыныз  қазақ екенін біле ме дегенімде олардың құжаттарында ресейлік азамат деген жазу бар, мен тұрған елде азаматтың ұлты көрсетілмейді,  балаларым қазақ екенін де, адай екенін де біледі» деп жауап берген.

Аман ағаны іздеп барған жеті қазақ жігітінің жетекшісі Махамбет " Аман ағаға қандай сый апарамыз деп әбден ойландық. Ең соңғы шешім ата бабасының  шежіресі жазылған картинага тоқталды. Аға сол картинаны, әкесінің есімін көргенде балдақсыз бес-алты қадам жүріп, әкесінің аты жазылған тұсты маңайына  басты, найзағай қазақ сол сәтте көз жасын жасырмады»,- деп жауап берген еді.

Аман аға ешкімге есеп бермейтін өзінің кеңістігіне рух болып ұшып кетті. Тәні Ресейде болғанмен рухының қазақ жеріне ұшыр келгеніне мен сенемін. Періште нұрыңыз шалқысын, Жақсы аға. Сіздей адаммен бір заманда өмір сүргенімді, тілдесіп, батасын алғанымды  соңғы демім  біткенше ұмытпаймын.

 

Gulbarshyn Sabaeva

 

 

Пікірлер