Үш жылдан бері іздеуде жүрген. 4 миллиардқа жуық ақша жымқырған қазақстандық Грузияда ұсталды

1395
Adyrna.kz Telegram

Грузияда 3,6 миллиард теңге жымқырып, қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша іздеуде жүрген адам ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді. 

«Бас прокуратураның келісімімен Грузияда Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері 2020 жылдың наурыз айынан бері іздеуде жүрген күдікті Қазақстан азаматын ұстады. Ол 3,6 миллиард теңгеден астам шығынды құраған қаржы пирамидасын құрды және басқарды деп айыпталуда», - делінген сәрсенбі күні таратқан хабарламада.

Қылмыстық іске 600-ден астам жәбірленуші тартылған.

«Қазір оны экстрадициялау мәселесі шешілуде», - деп қосты Бас прокуратура.

Пікірлер