4,5 млн теңге. Айыппұлына тағы бір көлік сатып алуға болады

2259
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

 

Сарыағаш — Жетісай — Жібек жолы тас жолының 213-шақырымында (Сарыағаш ауданы аумағы) полицейлер «Мерседес» жүргізушісін тоқтатып, жол ережесін елемейтін азаматтың мемлекетке 4.5 млн теңге қарыз екені анықтады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

 

Полиция департаменті хабарлағандай, шұғыл әрекет ету басқармасының кезекшілеріне «Қорғау — қауіпті жүргізуші» бағдарламасы және «Сергек» камерасы арқылы жолда айыппұл төлемеген жүргізуші келе жатқаны жөнінде ақпарат түскен.

Сондай-ақ, дәл сол күні осы аймақта полиция 1 млн теңге айыппұлы бар Lada-21114 көлігін ұстады.

Екі машинаны да айыптұраққа қойдық. Жүргізушілерге түсіндіру жұмысын жүргізіп жатырмыз, — деді полицейлер.

Әкімшілік кодекстің 797-бабына сай ІІМ қызметкерлері арнайы тұраққа айыппұл төлегенге дейін шетелдікке (жеке немесе заңды тұлғаға) тиесілі автомобильді ғана қоя алады. Қазақстанда тіркелген машинаны айыптұраққа жіберуге тек сот қызметкерлері құқылы.

Түркістан полициясы 4.5 млн теңге қарызы бар «мерс» жүргізушісінен айыппұлды мәжбүрлеп өндіру туралы шешім бар-жоғын айтпады.

Айта кетейік, 4.5 млн теңгеге ескілеу болса да, басқа машина сатып алуға болады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер