Назарбаев жүйесіне қарсы болған. Бүгін – Серікболсын Әбділдиннің туған күні

2375
Adyrna.kz Telegram
Фото: azattyq.org
Фото: azattyq.org

Бүгін – мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор Серікболсын Әбділдиннің (1937-2019) туған күні.

Серікболсын Әбділдин 1937 жылғы 25 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, қазіргі Тарбағатай ауданы Қызылжұлдыз ауылында туған.

Қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор. (1986). 1982 – 1985 ж. Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары, 1985 жылы АӨК-ні басқару жөніндегі Республикалық Жоғары мектептің ректоры, 1986 – 1987 жылы Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрі, 1990-1995 жылы Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Төрағасы.

Серікболсын Әбділдин 1967 жылдан бастап көп уақыт Қазақ ССР жоспарлау комитетінде жұмыс істеген, ауыл шаруашылығы министрлігінде басшы қызметтер атқарды, Қазақ ССР министрлер кеңесінің Мәскеудегі өкілі болды.

1990 жылы он екінші шақырылымдағы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған. Кейін Жоғарғы Кеңес төрағасының орынбасары, ал 1991–1993 жылдар аралығында Жоғарғы Кеңес таратылғанға дейін оның төрағасы болды. Әбділдин басқарған жылда, 1991 жылы 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес «Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» декларацияны қабылдады.

Биліктен кеткен соң Әбділдин Қазақстан коммунистік партиясы төрағасы болып сайланып, 14 жыл оппозициялық ұйымды басқарды. 1999 жылы 10 қаңтарда кезектен тыс өткен президент сайлауында Назарбаевпен бірге кандидат ретінде қатысты.

Серікболсын Әбділдин 2019 жылы 31 желтоқсанда 82 жастан асқан шағында Алматыда дүниеден өтті.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер