Қызылордада 8 жасар бала кәріз құдығына құлап кеткен

1576
Adyrna.kz Telegram

Қызылордада құтқарушылар кәріз құдығына құлап кеткен 8 жасар баланы іздестіріп жатыр, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға бүгін, 25 қарашада болған.

«25 қараша күні сағат 13:24-те Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментіне облыс орталығындағы №5 емхананың маңындағы Балқы базар көшесіндегі орталық кәріз құдығына абайсызда 8 жасар баланың құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті», - делінген хабарламада.

Қазір іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

«Облыс тұрғындарынан балаларды қараусыз қалдырмауды, көшеде және үйде қауіпсіздік ережелерін естен шығармауды сұраймыз», - деп толықтырды ТЖД.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер