Ақмолада тұрғын үй өртеніп, 3 бала қайтыс болды. 6 айлық нәресте аман қалған

2375
Adyrna.kz Telegram

25 қарашада Ақмола облысында тұрғын үй өртеніп, үш кішкентай бала қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Халық үніне сілтеп.

Ақмола облысының Целиноград ауданындағы Рахымжан Қошқарбаев ауылында үй өртеніп, үш кішкентай бала көз жұмды.

Өрт сөндірушілер қызыл жалыннан 2 жасар ұл мен 6 жастағы қыз баланың мәйітін алып шықты. Кейін үйінді астынан тағы 1 баланың мәйіті табылды.

Өртенген үйден тек 6 айлық сәби аман қалған. Нәресте жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Ақмола облысының өрт сөндірушілеріне өртті сөндіруге арнайы екі көлікпен келген 12 адамнан тұратын астаналық құтқарушылар көмектескен.

Әзірге құзырлы орган тарапынан өзге мәліметтер тараған жоқ.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер