«NAC Agro»: Алматыдағы атақты жылыжай берндінің инвестиция көлемі-7,8 млрд. теңге

825
Adyrna.kz Telegram
Instagram
Instagram

Алматы қаласы, Алатау ауданына қарасты «Алғабас» ықшамауданындағы индустриалды аймақта орналасқан «BRBAPK» ЖШС жылыжай кешені «NAC Agro» брендімен танымал.
Жылыжай топырақсыз көкөніс өндіруге арналған озық технологиялармен жұмыс істейді. Мамандардың айтуынша, жылыжайдың өндірістік қуаттылығы жылына 7 мың тоннадан астам көкөністі құрайды және тәулігіне 20 тоннадан астам көкөніс өндіре алады. Жобаны «ҚазАгроҚаржы» АҚ қолдауымен жеке инвесторлар жүзеге асырған. Инвестиция көлемі 7,8 млрд теңгені құрайды. 150 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Өндірісте голландиялық Dalsem Horticultural Projects B.V. компаниясының технологиясы қолданылады.
«Өндіріс кешені мемлекеттің қолдауымен 2016 жылы салынған. Биыл «Даму» қорынан төмен пайызбен 2 млрд теңгеден астам қаражат көмек алдық. Оның 500 миллионы жылыжайдың қасынан бой көтеретін лимон өсіруге арналған арнайы кешеннің құрылысына жұмсалады. Ал қалған қаражат осы 12 гектар аумақта жұмыс жасап тұрған жылыжай кешенінің жаңаруына пайдаланылады. Жаңа кешенде осы төңіректерде тұратын 200-ден астам адам жұмыс істейді. Ал мамандарымыз еліміздегі ЖОО-нын бітірген түлектер. Жыл сайын жас мамандарымыз Нидерланды, Германия секілді шет елдерге барып білімдерін жетілдіріп келеді, тәжірибе алмасу үшін оқуға жіберіп тұрамыз. Жылыжайда қызанақтың 12 түрі, екі түрлі қияр, екі түрлі баялды (баклажан) және болгар бұрышын өсіреміз. Өнімнің 35–40%-ын Алматы қаласына, қалған 30%-ды солтүстік өңірлерге жөнелтеміз, ал қалғаны Ресейге жіберіледі. Өніміміз сапалы болған соң біздің тауарларға деген сұраныс та жоғары», – дейді агроном, өндіріс кешенінің басшысы Шәкен Бөлекбаев.

Қазіргі уақытта компания өндірістегі жаңа және қолданыстағы бағыттарды дамытуға ұмтылады, одан әрі дамытуды, оның ішінде өндірілетін өнім ассортиментін кеңейтуді жоспарлап отыр.

Пікірлер